Бейжіңде өртке байланысты 18 күдікті тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде өртке байланысты 18 күдікті тұтқындалды

21.11.2017

Бейжіңде 19 адамның өмірін қиған өртке байланысты 18 күдікті тұтқындалды. Апаттан жараланғандар саны 8-ге жеткен. Полицияның болжамдарына қарағанда, өртке қауіпсіздік шараларының сақталмауы мен жұмысшылардың салғырттығы себеп болуы мүмкін.  

Бұл оқиға Дасин ауданында сенбі күні болған. Соңғы деректеріне жүгінсек, лапылдаған от алдымен төменгі қабаттағы 5 мың шаршы метрлік қоймадан басталған. Оны сөндіруге 3 сағат кеткен. 

Қазір ел астанасында 40 күндік қауіпсіздік ережелерін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу