Шанхай полициясы 14 мың шөлмек шарап тәркіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шанхай полициясы 14 мың шөлмек шарап тәркіледі

17.11.2017

Шанхай полициясы 14 мың бөтелкеге құйылған жалған австралиялық шарапты тәркіледі. Бұған қатысты 13 күдікті ұсталған. Күдіктілер шөлмектерге қымбат шараптың логотипін жапсырып, оларды алдап сатумен айналысқан. Ұсталғандар контрафактілік шараптың әр данасын Фуцзянь провинциясынан 40-60 юаньға алып, интернет арқылы 1000 юаньға саудалап келгендерін мойындады. Ал, полиция бұл топтың заңсыз ісін онлайн дүкенінің анонимдік телефон қоңырауынан кейін анықтаған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу