Грекияда экономикалық саясатқа қарсы шеру өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда экономикалық саясатқа қарсы шеру өтіп жатыр

10.11.2017

Грекияда мыңдаған адам парламент ғимараты жанында шерулетіп жатыр. Олар солшыл үкіметтің экономиканы реформалау саясатына, соның ішінде, ереуілдер туралы заңды өзгерту жоспарына наразы. Бұл туралы құжат қабылданса, қарсылық акцияларын өткізу қиындап кетпек. Бұған қоса, шерушілер еңбекақының қорғалуын, төменгі айлық мөлшерінің өсуін, қарызын уақытылы қайтара алмайтындардың мүлкін тартып алуды тоқтатуды талап етті.

Бірақ, Грекия мұндай реформаларды жүзеге асырмаса, халықаралық кредиторлардан несие ала алмауы мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу