Ресейдің Ижевск қаласында 9 қабатты тұрғын үйде жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Ижевск қаласында 9 қабатты тұрғын үйде жарылыс болды

10.11.2017

Кеше кешкісін Ресейдің Ижевск қаласында 9 қабатты тұрғын үйдің тұтас 1 подъезі  құлап, 4 кісі қайтыс болды. Тағы осынша адам жарақаттанып, ауруханада жатыр. Алдын ала белгілі болғандай, апатқа тұрмыстық газдың жарылуы себеп болған. Оқыс оқиғаның кесірінен барлығы 32 пәтер бір-ақ сәтте бетон үйіндіге айналды. Апаттан соң құтқарушылар тұрғын үйдің өзге кіреберісінде тұрып жатқан 500-дей адамды басқа жаққа шұғыл көшірді.

Енді мамандар ғимараттың аман қалған бөлігі қандай жағдайда тұрғанын зерттеуі тиіс. Жарылыс болған жерде түні бойы жұмыс істеген құтқарушылар үйіндінің астында бастырылып қалған адамдардың бар-жоғын тексеріп, айналаны тазартып жатыр. Ал, тергеушілер апатқа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу