Мексикада зілзаладан кейін оқушылар мен студенттер көшеде сабақ оқуға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада зілзаладан кейін оқушылар мен студенттер көшеде сабақ оқуға мәжбүр

08.11.2017

Мексикада зілзаладан кейін оқу орындары жабық болғандықтан, оқушылар мен студенттер көшеде сабақ оқып отыр. Жергілікті тұрғындар осылайша биліктен жабылған мекемелерді ашуды талап етті. Истапалапа аймағында мектептерде екі ай бойы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Олардың қазір ашылатын түрі жоқ .

Еске сала кетсек, Мексикада қыркүйектің 19-ы күні алапат жерсілкінісі болып, 350-ге жуық адам қаза тапқан. Мыңдаған ғимарат қирап, жүздеген ғимарат жермен-жексен болды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу