Румынияда сот реформасына қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румынияда сот реформасына қарсы шеру өтті

06.11.2017

Румыния астанасы Бухарестте мыңдаған адам сот реформасына қарсы шеруге шықты. Демонстранттар биліктегі партиядан сот жүйесін өзгерту туралы заңнамадан бас тартуды талап етті. Шерушілердің арасында бұрынғы премьер-министр Дачиан Чолоштың жақтастары да бар.

Соңғы мәліметтерге қарағанда манифестанттар қала көшелерімен жүріп өтіп, парламент үйінің алдында жиналған.

Қарсылық акциясы салдарынан көлік қозғалысы тежелді. Бұл реформа бойынша сот жүйесі  Әділет министрлігінің құзырына өтіп, жемқорлыққа қарсы қылмыстық жаза жеңілдетілуі мүмкін.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу