Қытай коммунистік халық партиясының алдағы бес жылда атқаратын жұмысы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай коммунистік халық партиясының алдағы бес жылда атқаратын жұмысы анықталды

01.11.2017

Партияның 19-шы съезінде Қытай басшысы үкімет алдына нақты міндеттер қойды. Ол - елдегі жемқорлықты түбегейлі жою және халық тұрмысын көтеру. Осы съезд жұмысын қорытындылап Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьхуэй арнайы баспасөз жиынын өткізді. Қытай коммунистік партиясының басты мақсаты - халықтың табысын арттыру және бұл бағытта жетістікке жеткен азаматтардың байлығын қорғау. «Қытай арманының» негізгі концепциясы - осы. Бұған дейін өткен 18-ші съезде Қытайдың жалпы ішкі өнімі 54 трлн. юань болды. Бес жылдан кейін кешегі өткен 19-шы съезде айтылған есеп бойынша мемлекет табысы 80 трлн. юаньға жеткен. Аз уақытта осындай табысқа жетудің бар құпиясы жемқорлықты жоюда. Қытайда осы жемқорлық азайған сайын қоғам мен халықтың дамуы жеделдей түскен.  

Чжан Ханьхуэй, ҚХР Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

 - Басқарушы партия үшін жемқорлық ол қатерлі ісікпен бірдей. Егер біз оны дер кезінде емдемесек, партиямызды құртамыз. Жемқорлық ол халықтың, қоғамның мүмкіндігін шектейді. Си Цзиньпин өзінің 5 жыл басқаруында барлық салада сыбайлас топтарды жойды. Басқарушы партияны түгел тазартты. Бұл ең бастысы халық үшін атқарылған жұмыс.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу