Бразилияда Президентке қарсы қылмыстық іс тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда Президентке қарсы қылмыстық іс тоқтатылды

26.10.2017

Бразилия Парламентінің төменгі палатасы Президент Мишел Темерге айып тағуға қарсы дауыс берді. Бұған дейін Мемлекет басшысына қылмыстық қауымдастық құру, соттың әділ өтуіне кедергі жасау тәрізді кінәлар тағылған еді.

Депутаттардың дауыс беруі телеарнадан тікелей эфирде көрсетілді. Оған сай, заң шығарушылардың 233-і Президентке қарсы қылмыстық істі жалғастыруды жақтаса, 251-і қарсы болған. Төменгі палатаның шешіміне сай, Темерге қарсы қылмыстық іс Президент мандаты аяқталғанша, яғни 2018 жылға дейін тоқтатылады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу