Италияда орман өрті үйлерге қауіп төндіріп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда орман өрті үйлерге қауіп төндіріп тұр

23.10.2017

Италияның Валь-ди-Суза ауданында орман өрті қаулап жатыр. Ондаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Буссолено елді мекенінде тілсіз жау баспаналарға қауіп төндіріп тұр. Өрт сөндіруші мамандар оған жол бермеу үшін бар күштерін салып жатыр. Жүздеген гектар алқап өртеніп кеткен. Оттың тез тарауына құрғақшылық пен қатты жел себепші.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу