Бразилияда 245 адам бір сәтте көпірден секірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда 245 адам бір сәтте көпірден секірді

23.10.2017

Бразилияда 245 адам бір сәтте биіктігі 30 метр көпірден секіріп, әлемдік рекордты жаңартуға әрекет жасады. Қауіпті ойын Сан-Паулудан 100 шақырым жерде орналасқан Хортоландия деген ауданда өткен. Ақ каска киген қатысушылар бір арқанның бойына байланды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, рекордқа ұзындығы 20 шақырым арқан қажет болды. Әзірге, Гиннестің кітабы бұл шараға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Осыған дейін дәл осындай секіріске Бразилияда 147 адам қатысқан.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу