Қырғыз Республикасында президенттік сайлауға әзірлік жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз Республикасында президенттік сайлауға әзірлік жүріп жатыр

13.10.2017

Бұрынғы екі премьер-министр - лидерлер қатарында. Олардың бірі - 58 жастағы Сооронбай Жээнбеков. Екіншісі - оппозициялық «Республика – Ата –Жұрт» партиясының басшысы, 47 жастағы Өмірбек Бабанов. Алдын ала жүргізілген сауалнама қорытындысы осындай. Бұл екі үміткерден бөлек, тағы 11 кандидат бар. Ал, қазіргі президент  Алмазбек Атамбаев конституцияға сәйкес екінші рет сайлауға қатыса алмайды.

Айта кетсек, елде президенттік сайлау қазанның 15-де, яғни, жексенбі күні өтеді.      

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу