ЮНЕСКО жанында Катарға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЮНЕСКО жанында Катарға қарсы шеру өтті

12.10.2017

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері алдында шеру өтіп, оған ондаған адам қатысты. Демонстранттардың сөзінше, Катар дауыстарды сатып алып, өз адамын осы ұйымға басшы етіп қойғысы келеді. Алайда, катарлық үміткер Хамад бин Әбдулазиз әл-Кауаридің мәлімдеуінше, құпия сайлау әділ әрі ашық өтіп жатыр.

ЮНЕСКО осы аптада өзінің бас директорын таңдауға үш рет әрекет жасады. Алайда, лайықты кандидат әзірге анықталған жоқ. Ертең соңғы рет дауыс беретін күн. Үміткерлердің арасында Франция, Мысыр, Қытай, Ливан өкілдері де бар.

Әлемнің мәдени мұраларын қорғау агенттігі – ЮНЕСКО Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылды. Алайда, ол 2011 жылы Палестинаны өз қатарына мемлекет ретінде қабылдағандықтан, Израиль мен АҚШ-тың наразылығына тап болып, қазір қаржылық қиындықтарды бастап кешіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу