Жапонияда парламенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда парламенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды

10.10.2017

Болжам бойынша 465 орынға 1100 кандидат ұсыныс жасады. Оның 289 орны бір мандатты округтар сайлайды, ал, қалған 176-сы пропорционалды тізім бойынша сайланады. Мерзімінен бұрын сайлауды ел премьер-министрі Синдзо Абэның төменгі палатаны таратуы себеп болды. Бұл жағдайды Либералды демократиялық партия пайдаланып, өз орындарын сақтап қалғысы келеді. Сондай-ақ, олар соңғы кезде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасынан төнген қауіпке төтеп бере аламыз деп халықтағы позициясын күшейтпек. Сонымен қатар, екінші орында бұрынғы демократиялық партия жаңа Конституциялық–демократиялық партиясы келе жатыр.

Парламенттің төменгі палатасына сайлау қазанның 22-сіне жоспарланған.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу