Мәскеуде Кремльдің қарсыласы Алексей Навальный тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Кремльдің қарсыласы Алексей Навальный тұтқындалды

29.09.2017

Елдің Ішкі істер министрлігінің мәскеулік басқармасының мәлімдеуінше, оппозицонер жұртшылықты рұқсат берілмеген митингке шығуға үндегені үшін ұсталды.

Навальный бүгін Нижний Новгородта шеру өткізу тиіс еді. Ал, қазанның 7-де ол Санкт-Петербургте өз жақтастарымен кездесетінін жариялаған-ды. Бірақ, екі акцияға да жергілікті әкімшілік келісім бермеді.

Ресейде президенттік сайлау 2018 жылы наурызда өтеді. Оған Кремль басшысы Владимир Путин де кандидат ретінде қатысуы мүмкін. Мұндай жоспар Навальный да бар. Бірақ, Ресей Орталық сайлау комиссиясы соттылығы үшін алдағы сайлауға оның қатыспағаны жөн деп есептейді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу