Бүгін Таиландтың жоғарғы соты экс-премьер Йинглак Чинаватты 5 жылға соттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Таиландтың жоғарғы соты экс-премьер Йинглак Чинаватты 5 жылға соттады

27.09.2017

Бұрынғы үкімет басшысы мұндай жазаға фермерлерден күріш сатып алу бағдарламасын дұрыс жүзеге асырмағаны үшін тартылып отыр. Үкім тамыздың 25-де шығуы тиіс еді. Алайда, Чинават одан бір күн бұрын Сингапур арқылы Дубайға қашты. Айта кетсек, Біріккен Араб Әмірліктерінде оның коррупция үшін айыпталған туған ағасы, әрі елдің тағы бір экс-премьері Таксин Чинават тұрады.

Йинглак Чинаваттың тұсында, яғни, 2011-2014 жылдары тай үкіметі фермерлерден күрішті нарықтық құнынан әлдеқайда жоғары бағаға сатып алады. Бірақ, содан кейін әлемде бұл өнім арзандап кетеді. Сондықтан, Таиланд 15 миллиард доллар шығынға батты. Чинават болса, бұл үшін өзін кінәлі деп есептемейді. Айтуынша, билік оны саяси себеппен қудалап отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу