АҚШ-тың Калифорния штатында алапат орман өртінен 1500-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штатында алапат орман өртінен 1500-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

27.09.2017

Қазір үкімет тұрғындарды уақытша үйлерге орналастырып жатыр. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, Лос-Анджелестің шығысында мың шақырымдай егіс алқап күлге айналды. Тілсіз жаумен күресуге 900-ге жуық маман тартылып, ондаған техника жұмылдырылған. Апат салдарынан жақын-маңдағы аудандарда жолдар жабылып, көлік қозғалысы да тежеліп отыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу