Вашингтон Солтүстік Кореяға соғыс жарияламаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон Солтүстік Кореяға соғыс жарияламаған

26.09.2017

«Біз Солтүстік Кореяға соғыс жариялаған жоқпыз. Ашығын айтсақ, мұндай болжамның өзі - сандырақ». Мұны Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс Вашингтонда өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді. Оның сөзінше, Құрама Штаттар Корей түбегін барынша экономикалық және дипломатиялық қысыммен ядролық қарудан тазартуды көздеп отыр.

Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымында Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Ли Ён Хо мәлімдеме жасап, АҚШ-тың өз еліне соғыс жариялағанын айтқан-ды. Оның ескертуінше, Америка бомбалаушы ұшақтары Солтүстік Кореяның әуе кеңістігіне кірмесе де, Пхеньян оларды атып түсіруге құқылы.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу