Иран зымырандық мүмкіндіктерін күшейтуді көздеп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран зымырандық мүмкіндіктерін күшейтуді көздеп отыр

22.09.2017

Ел Президенті Хасан Руханидің мәлімдеуінше, Ислам Республикасы бұл үшін АҚШ президенті Дональд Трамптан да, басқа мемлекеттерден де рұқсат сұрамайды және әскери шеру кезінде ол зымырандық әлеуеттің күшеюі шектелмейтінін қадап айтты.

Сонымен қатар, шеру барысында Иран 2 мың шақырымға жететін жаңа баллистикалық зымыранын жұрт назарына ұсынды. Бұл ракетаға бірнеше оқтұмсық орнатуға болады.   

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу