Францияда жаңа еңбек заңына қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда жаңа еңбек заңына қарсы шеру өтті

22.09.2017

Францияда президент Эммануэль Макронның Еңбек туралы заңды реформалауына қарсы шеру өтті. Париж көшелерінде өткен наразылық акциясына мыңдаған жұмысшы қатысқан. Кәсіподақ өкілдерінің сөзінше, шеруге 55 мыңдай адам жиналған. Көпшіліктің қарсылығына тап болған жаңа заң жұмыс беруші компанияларға еңбек ету жағдайларын өздері анықтауға мүмкіндік береді. Шерушілердің мәлімдеуінше, мұндай реформа орта таптың мүддесіне қайшы.

Ал, президент Макрон болса, наразылық акцияларын елемей, экономиканы қайта құруға өкілеттігі бар екенін алға тартты. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу