Порошенко Путиннің бітімгер әскер туралы ұсынысына қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Порошенко Путиннің бітімгер әскер туралы ұсынысына қарсы

21.09.2017

Украина президенті өз елінің шығысына Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгер әскерін жіберуге шақырды. Мұндай ұсынысты ол Қауіпсіздік кеңесіне жолдап отыр. Петр Порошенконың ойынша, «көк каскалы жауынгерлер» Донбасстың басып алынған жерлеріне түгелдей, яғни, Ресей шекарасына дейін шоғырлануы керек. Демек, Порошенко Кремль басшысы Владимир Путиннің халықаралық күштерді Украина армиясы мен сепаратистер арасындағы майдан шебіне ғана орналастыру идеясына қарсы.

«Шекараның ар жағынан Донбассқа қару мен содырлар кіріп жатқанда, менің елімді бейбітшілік орнамайды», - деді Украина жетекшісі Бас Ассамблеяда сөйлеген сөзінде.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу