Мексикада құлаған мектеп астынан қыз бала құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада құлаған мектеп астынан қыз бала құтқарылды

21.09.2017

Мексикада зілзаладан құлаған бастауыш мектептің астынан бір қыз құтқарылды. Оның қасында тағы екі бала болса керек. Бірақ, олардың тағдыры әзірге белгісіз. Жергілікті билік бұған дейін мұнда 21 оқушы және 5 ересек адам қаза тапты деп мәлімдеген-ді. Ал, құтқарушылар дер кезінде жүргізген операция нәтижесінде ел астанасы Мехикода осымен 83 адам үйінділер астынан аман шығарылып отыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, 7,1 баллдық жер дүмпуінен кемінде 230 адам опат болды. Сонымен қатар, 209 мектеп зардап шегіп, оның 15-і жермен-жексен болған. Ел президенті Энрике Пенья Ньето зілзала ең күшті соққы берген және 70-тен астам адамы құрбан болған Морелос штатындағы Хохутла қаласына барып, зардап шеккендердің халін білді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ   

Хабарламаларға жазылу