Қажылыққа қарулы топтардан қауіп төніп тұрған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қажылыққа қарулы топтардан қауіп төніп тұрған жоқ

30.08.2017

Қажылыққа қарулы топтардан қауіп төніп тұрған жоқ. Өйткені, ешқандай лаңкестік жоспар әшкереленбеді. Мұны Сауд Арабиясының Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы, генерал-майор Мансұр әт-Түрки мәлімдеді. Оның сөзінше, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 100 мыңнан астам адам тартылады. Олардың әрқайсысына қажылыққа барған мұсылмандарды қорғау міндеті жүктеліп отыр.

Болжамдарға қарағанда, осы аптада бес парыздың бірін өтеу үшін Меккеге 2 миллиондай адам жиналады.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу