Қытайда 900-ден астам адам 82-ші қабатқа жүгіріп шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда 900-ден астам адам 82-ші қабатқа жүгіріп шықты

28.08.2017

Қытай астанасы Бейжіңде 900-ден астам спортшы жарысып, ең зәулім ғимараттың 82-ші қабатына жүгіріп шықты. Бұл Дүниежүзілік Сауда Мұнарасының биіктігі - 300 метр.

Осымен 5-ші мәрте өткізіліп отырған марафонда атлеттер 2041 баспалдақты артта қалдырды. Ерлер арасында польшалық Петр Лабодинский, әйелдерден австралиялық Сюзи Уолшам жеңіске жетті.

   

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу