Массачусетс тұрғыны лотореядан 758 млн доллар ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Массачусетс тұрғыны лотореядан 758 млн доллар ұтты

24.08.2017

АҚШ-та лотерея тарихындағы ең қомақты джекпоттардың бірі ойнатылды. 758 миллион доллар Массачусетс штатының тұрғынына бұйырған. Ол сатып алған билеттегі алты сан да ұтыспен сәйкес келді.

Әзірге есімі аталмаған азаматқа бұл сома 29 жылда төленіп бітуі тиіс. Дегенмен, «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, егер жолы болғыш америкалық ұтысын бірден аламын десе, оған салықтан кейін 443 миллион 300 мың доллар беріледі.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу