Екібастұз кешенінде соңғы 9 айда 26 миллион көмір өндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз кешенінде соңғы 9 айда 26 миллион көмір өндірілді

13.10.2014
Екібастұз кешенінде соңғы 9 айда 26 миллион көмір өндірілді

Еліміздегі біраз кәсіпорын мен энергетикалық кешен Екібастұздың көміріне тәуелді. Көмір кенішінде қазір тәулігіне шамамен 130 мың тонна көмір жан-жаққа жөнелтіледі.

Соңғы тоғыз айда Екібастұздан 26 миллион тонна көмір өндірілген. Бір кездері ең жоғары көрсеткішпен Гиннестің рекордтар кітабына да енген. Екібастұз көмірімен өлкедегі ірі кәсіпорындар, тіпті Ресейдің алты станциясы жұмыс істейді. 2016 жылға қарай аты әлемге танымал көмір кеніші қайта жаңғыртылатын болады.

Саламт ОМАШ

Хабарламаларға жазылу