АҚШ санкцияны күшейтсе Иран ядролық келісімнен шығатынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ санкцияны күшейтсе Иран ядролық келісімнен шығатынын ескертті

15.08.2017

АҚШ санкцияны күшейтсе, Иран ядролық келісімнен бірнеше сағаттың ішінде шығады. Мұны бүгін Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани ескертті. Сонымен қатар, парламенттегі сөзінде ол Ақ үй басшысы Дональд Трампты «халықаралық міндеттемелерді орындамайды» деп айыптады.

Жақында Вашингтон Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарын бұзып, баллистикалық зымыран сынады деп Иранға қарсы біржақты санкция жариялады. Алайда, ресми Тегеран «ракетаны атом қаруын тасымалдау үшін дамытып отырған жоқпыз» дейді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу