Бизнес пен билік ортақ мәселені талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнес пен билік ортақ мәселені талқылады

10.10.2014
Бизнес пен билік ортақ мәселені талқылады

Елдегі машина жасау саласын дамытуға бизнес өкілдеріне не кедергі болып отыр? Индустрияландыру бағдарламасының бірініші бес жылдығында не істелді, екінші бес жылдық межесі қандай? Бұл тақырыптар бүгін машина жасаушылар мен Үкімет мүшелерінің бас қосқан форумында талқыланды.

Машина жасаушылардың екінші форумына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қатысып, сала мамандарына Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық одақ нарығының маңызын айтып берді.

Премьер-Министр алыс-беріс, сауда-саттықты дамыту үшін дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуродақ елдері мен Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін құр жібермеу керек екенін айтты.

Жиынға әріптестік орнатып, кәсібін кеңейтемін деген отандық және шетелдік 700-ге жуық маман қатысты.

Форумда көтерілген мәселелерді үкімет мүшелері тоқсан сайын талқылап, жылына бір жүйелеп отыруға бел байласты.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ 

Хабарламаларға жазылу