Лондондағы өрттен қаза тапқандар саны 12-ге жетті
Полицияның мәліметінше, құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Бірнеше тұрғын іс-түзсіз жоғалып кеткен. Олардың нақты саны белгісіз. От тұтанғанда, ғимаратта 600-дей адам болған. Қайғылы оқиға кезінде жараланған 68 адамның 18-і қазір ауыр халде. Өрт әлі толықтай сөндірілген жоқ. Жалынмен күреске 250-дей өрт сөндіруші жұмылған. Әзірге, 24-қабатты тұрғын үйдің неліктен өртенгені белгісіз. Тұрғындар бұған дейін ғимараттағы өрт қауіпсіздігіне қатысты шағым бергендерін айтады. Британ үкіметінің басшысы Тереза Мэй оқиғаның себебін анықтау үшін қолдан келгеннің бәрі жасалатынын мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10