Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқан 13 жауынгерді жерлеу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқан 13 жауынгерді жерлеу рәсімі өтті

01.06.2017

Мәйіттердің алтауы Анкараға жіберілді, қалғандары да туған қалаларына жөнелтілмек. Кеше елдің оңтүстік-шығысындағы Шырнак провинциясында әскери тікұшақ электр сымдарына соғылып, құлаған еді. Апат құрбандарының арасында генерал мен екі полковник бар. Оқиға орнына Түркияның Қорғаныс министрі Фири Ышык барып, әскерилердің отбасыларына көңіл айтты.

Айта кетейік, осы Шырнак провинциясында Күрдістан жұмысшылар партиясына қарсы операциялар жиі жүргізілетін.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу