Брюссельде тұрақты энергетика саласына инвестиция салу мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде тұрақты энергетика саласына инвестиция салу мәселесі талқыланды

12.05.2017

«Тұрақты энергетика - ғаламшар болашағы». Жаһандық маңызды мәселе бүгін Брюссельде Халықаралық Энергетикалық хартияның форумында талқыланды. 1991 жылы құрылған ұйымның мақсаты - Батыс пен Шығыс елдері арасындағы энергетикалық серіктестікті арттыру. Бүгін ұйымның 84-ші мүшесі болып Мали мемлекеті қабылданды. Қазақстан Энергетикалық хартияға алғашқылардың бірі боп қосылып, 2014 жылы ұйымға төрағалық етті. Басқосуда мәртебелі ұйым мүшелері жасыл энергиканы дамыту, тұрақты энергетика саласына инвестиция салуды арттыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісімінің орындалуын сөз етті.

 Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу