Оңтүстік Кореяда өткен президенттік сайлауда Мун Чжэ Ин алда келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда өткен президенттік сайлауда Мун Чжэ Ин алда келеді

10.05.2017

Оңтүстік Кореяда өткен президенттік сайлауда «Тобуро» демократиялық партиясынан шыққан кандидат Мун Чжэ Ин алда келеді. Экзит-поллдарға сай, либералды саясаткер 44,4 пайыз дауыс жинаған. Ал, оның оппоненті, консерватор Хон Чжун Пхені сайлаушылардың 23,3 пайызы қолдады.

Елде кезектен тыс сайлау экс-президент Пак Кын Хенің жемқорлық дауына ілігіп, биліктен аластатылуынан кейін өтіп отыр. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу