Франция президенттігіне кандидат Макрон мен Ле Пен теледебат өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция президенттігіне кандидат Макрон мен Ле Пен теледебат өткізді

04.05.2017

Францияда президенттік сайлаудың екінші турына дейін санаулы күндер қалғанда, екі кандидат теледидар арқылы пікірталас өткізді. Центристік саясаткер Эммануэль Макрон мен әсіре оңшыл Марин Ле Пен 160 минуттық дебат кезінде бір-бірін айыптап, өте қатаң сынға алған. Ле Пен Макронды ешқандай реформа ұсынбаған, элитадан шыққан кандидат деп атады. Ал, соңғысы өз кезегінде Ле Пенді «жалған стратегияны» қолданып жүр деп айыптап, оның еуродан бас тарту туралы жоспарын мысқылдаған. Ал, соңғы сауалнама нәтижелеріне сай, саяси жарыстың екінші турында сайлаушылардың 60 пайызы Эммануэль Макронды қолдайды.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу