АҚШ-тың Роли қаласын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Роли қаласын су басты

26.04.2017

Американың Солтүстік Каролина штатындағы Роли қаласын су басты. Аймақта үлкен магистральдар су астында қалып, қатынас тоқтап қалған. Мектептер жабылып, әуежай мен теміржол қызметі уақытша тоқтатылды. Тасқын салдарынан 13 мың үйде жарық сөніп, мыңдаған халық қауіпсіз жерлерге көшірілді. Табиғи апатқа бір аптадан бері үздіксіз жауған нөсер жауын себеп. Жергілікті билік осы штаттың 33 округіне қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескерту жасады. Ал, метеорологтар   «жауын тек бірнеше күннен кейін тоқтайды», - дейді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу