АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон Иранды арандатушы деп айыптады

20.04.2017

Тегеранмен жасалған ядролық келісім - сәтсіздік. Және де Иранның Таяу Шығыстағы арандатушылық әрекеттері Американың осы аймақтағы мүддесіне қауіп төндіріп тұр.  Мұндай мәлімдемені АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Вашингтонда жасады. «Егер еркіне жіберсек, Иран да Солтүстік Кореяның жолына түседі», - дейді Құрама Штаттардың бас дипломаты.

Айта кету керек, Иран мен әлем державалары ядролық келісімге 2015 жылы шілдеде қол қойды. Ол құжатқа сәйкес, байытылған ураннан бас тартқаны үшін Ислам Республикасы халықаралық санкциядан босатылғаны белгілі.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу