АҚШ Идлибтегі шабуылға жауап қайтармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Идлибтегі шабуылға жауап қайтармақ

06.04.2017

Ресей 2013 жылғы келісім бойынша Сириядағы химиялық қару қоймасын жоюы керек. Мұны Американың вице-президенті Майк Пенс мәлімдеді. Оның сөзінше, Құрама Штаттар Идлиб провинциясындағы улы газ шабуылын жасағандарға өз бетінше жауап қайтармақ.

АҚШ  бұл оқиға үшін Асад армиясын кінәлап отыр. Кеше Сирияда химиялық қару қолданылғандықтан, Америка, Британия мен Франция Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне химиялық шабуылды айыптайтын резолюция жобасын ұсынған еді.

Алайда, Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл жобаның қолданысқа еш келмейтінін хабарлады.

 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу