Украина маңына танкілер жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина маңына танкілер жеткізілді

24.03.2017

Ресей Украина шекарасынан 10 шақырым жерге ондаған танкі жеткізді. Олар Ростов облысына пойызбен апарылып, Матвеев Курган елді мекеніне шоғырландырылған. Мұның себебі әзірге белгісіз.

 

Айта кету керек, Ресей Ростовта жаттығуларды ұдайы ұйымдастырып тұрады. Соғыс ойындарына  әдетте жаяу әскер, артиллерия және әуе күштері қатысады. Сонымен қатар, былтыр мамырда Ресей өзінің оңтүстік және батыс шекарасында үш дивизия құратынын жариялады.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу