Берлинде бүгін 660 әуе рейсі доғарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берлинде бүгін 660 әуе рейсі доғарылды

13.03.2017
Бүгін Берлинде 660 ұшақ аспанға көтерілген жоқ. Рейстердің доғарылуына Тегель және Шёнефельд әуежайларының жұмысшылары мен қызметкерлері жариялаған ереуіл себепші. Бұл авиациялық терминалдарда өткен жұмада да осындай акция ұйымдастырылып, 700-ге жуық сапар доғарылған.

Ереуілшілер мен кәсіподақтар жүк тиеушілер мен өзге де персоналдың сағаттық жалақысын 11 евродан 12 евроға дейін көтеруді талап етіп отыр.


Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу