НАСА ғалымдары тапқан 7 планетаның үшеуі тіршілік етуге қолайлы болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

НАСА ғалымдары тапқан 7 планетаның үшеуі тіршілік етуге қолайлы болуы мүмкін

23.02.2017
Америка және Бельгия ғалымдары ашқан жеті планета бізден 39-40 жарық жылына тең қашықтықтан табылды. Ал, оларға ұшақпен 40 млн. жылда жетуге болады екен. Ғалымдардың сөзінше, Trappist-1 атты кішкентай жұлдызды айналып жүретін жаңа экзопланеталардың үшеуі адамның тіршілік етуіне қолайлы болуы мүмкін. Өйткені, олардың барлығында су бар деген болжам айтылып отыр.


Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу