Бельгиялық ғалым Жан Бланкофф Ш.Айтматовтың шығармашылығы туралы мұрағатын Қырғыз еліне сыйға тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгиялық ғалым Жан Бланкофф Ш.Айтматовтың шығармашылығы туралы мұрағатын Қырғыз еліне сыйға тартты

17.02.2017
Құнды материалдарды табыстау рәсіміне Бельгияға жұмыс сапарымен барған Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев та қатысты. Бельгияның археологиялық патша академиясының мүшесі, славист-профессор Жан Бланкофф пен оның жұбайы Гольди Бланкофф Шыңғыс Айтматовпен 15 жылдай араласып, жақын дос болған. Шыңғыс Айтматов Қырғызстанның Бенилюкс елдеріндегі елшісі қызметін атқарған тұста Жан Бланкофф ұлы жазушының шығармашылығына қатысты тың деректерді жинақтаған.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу