Бразилияда соңғы аптада сары безгек ауруынан 42 адам қайтыс болған

28.01.2017
Бразилияда сары безгек ауруы таралып жатыр. Тек соңғы аптада осы дерттен 42 адам қайтыс болған. Бұдан өзге, 600-дей науқаста оның белгілері байқалса, 86-сында диагноз расталды. Алғашында сары безгек Бразилияның Минас-Жерайс штатында тіркеліп, кейін басқа қалаларға да таралған. Инфекциялық қан ауруы маса, соналар арқылы тарайды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу