«Volkswagen» автоконцерні АҚШ-қа 1 млрд. доллар айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Volkswagen» автоконцерні АҚШ-қа 1 млрд. доллар айыппұл төлейді

21.12.2016
Өйткені, бұл компания шығарған дизельдік автокөліктерге зиянды қалдықтардың тарауын азайтып көрсететін бағдарлама орнатылған.

Немістің «Volkswagen» автоконцерні АҚШ үкіметіне 1 миллиард доллар айыппұл төлейтін болды. Өйткені, бұл компания шығарған дизельдік автокөліктерге зиянды қалдықтардың тарауын азайтып көрсететін бағдарлама орнатылған.

Осы жанжалды реттеу үшін германиялық концерн жалпы алғанда, Құрама Штаттарға 17 жарым миллиард доллар төлеуі тиіс.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу