Бельгияның жаңажылдық жәрмеңкелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияның жаңажылдық жәрмеңкелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

21.12.2016
Әскерилер мен полиция қызметкерлері көшелерде рейд жүргізіп, күдікті деген азаматтардың құжаттарын жіті тексеріп жатыр.

Берлиндегі терактіден кейін Бельгияның жаңажылдық жәрмеңкелерінде де қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Әсіресе, ел астанасы Брюссельдегі үш жерде орналасқан рождестволық базарларда қала әкімдігі қырағылықты арттырған. Әскерилер мен полиция қызметкерлері көшелерде рейд жүргізіп, күдікті деген азаматтардың құжаттарын жіті тексеріп жатыр.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу