Оңтүстік Кореяның оппозициясы импичмент үшін қол жинай бастамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяның оппозициясы импичмент үшін қол жинай бастамақ

21.11.2016
Оңтүстік Кореяның оппозициялық Халықтық партиясы Президент Пак Кын Хеге импичмент жариялау мәселесі бойынша қол жинай бастамақ.

Ал, Әділет партиясы мемлекет жетекшісін ел аумағынан шығармауды ұсынып, прокуратураны одан тезірек жауап алуға шақырды. Өйткені, Президенттің ең жақын құрбысы Чхве Сун Силь мен әкімшілігіндегі екі шенеунік коррупцияға барып, үлкен көлемде ақша талап етумен айналысқан.

Президенттік мерзімі 2018 жылы ақпанда аяқталатын Корея басшысы халықтан екі рет кешірім сұраса да, қызметтен кетпей отыр.



Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу