Қазақстан мен Еуропа Қайта құру және даму банкімен арада бірнеше келісімге қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Еуропа Қайта құру және даму банкімен арада бірнеше келісімге қол қойылды

27.06.2016
Қазақстан мен Еуропа Қайта құру және даму банкімен арада бірнеше келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Еуропа Қайта құру және даму банкімен арада бірнеше келісімге қол қойылды. Бүгін Астанада өткен кездесу қорытындысына сәйкес, еліміздің екі облысындағы бірнеше жобаға қаржы бөлінеді. Олар: Қызылорда және Батыс Қазақстан облысы. Жалпы осы уақытқа дейін қаржы институты еліміздегі 215 жобаға 6,7 млрд еуро инвестиция құйған. Әріптестік байланыс алдағы уақытта да нәтижелі болмақ. Тіпті ЕуроОдақта болып жатқан саяси жағдайлар, Ұлыбританияның одақтан шығу туралы шешімі арадағы байланысқа ешқандай кері әсерін тигізбейді,- дейді банк өкілдері.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу