Қытайда жұмыс істеген солтүстіккореялықтар Оңтүстік Кореяға қашып барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда жұмыс істеген солтүстіккореялықтар Оңтүстік Кореяға қашып барды

24.05.2016
Қытайда жұмыс істеген солтүстіккореялықтар  Оңтүстік Кореяға қашып барды
Бұл турасында Сеулдегі «Ренхап» агенттігі хабарлап отыр.

Қытайдағы солтүстіккореялық мейрамхана жұмысшылары Оңтүстік Кореяға қашып барды. Бұл турасында Сеулдегі «Ренхап» агенттігі хабарлап отыр.

Сәуірде Қытайдағы тағы бір солтүстіккореялық мейрамхана жұмысшылары Оңтүстік Кореядан пана тапқан еді. Сол кезде Пхеньян Сеулді өз азаматтарын ұрлап әкетті деп айыптады.

Солтүстік Кореяның шетелдерде 130-дан астам рестораны бар. Олардың барлығы осы мемлекет меншігінде. Бұл мекемелерге Ким Чен Ын режиміне адалдығын дәлелдеген солтүстіккореялықтар ғана қызметке алынады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу