Иракта Фаллуджа қаласын «Даиш» экстремистік тобынан босату операциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта Фаллуджа қаласын «Даиш» экстремистік тобынан босату операциясы басталды

23.05.2016
Иракта Фаллуджа қаласын «Даиш» экстремистік тобынан  босату операциясы басталды
Шаһар қазір әскерилер, полицейлер мен қарулы жасақтардың қоршауында. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, жауынгерлердің жалпы саны 20 мыңға жетеді.

Таяуда Ирак армиясы әскери операцияға байланысты жергілікті тұрғындарды үйлерінен кетуге шақырды. Ал, қаладан шыға алмайтындарға үйлеріне ақ ту тігу керек.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу