Шри-Ланканың орталығында нөсер жауын салдарынан лай көшіп, 220 отбасы жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шри-Ланканың орталығында нөсер жауын салдарынан лай көшіп, 220 отбасы жоғалып кетті

18.05.2016
Шри-Ланканың орталығында нөсер жауын салдарынан лай көшіп, 220 отбасы жоғалып кетті
Қазір Кегалле округіндегі үш ауылда жауынгерлер тірі қалуы мүмкін адамдарды іздестіріп жатыр. Алайда, жауын-шашын мен жарықтың өшуі бұл операцияны қиындатып отыр.

Куәгерлердің сөзінше, тау басынан көшкен батпақ бір ауылда 66 үйді басып қалған. Бас-аяғы 141 мыңдай адам шатырларға көшіріліп, жараланғандарға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал, ел астанасы Коломбоны тасқын жайлап, ондаған мың үй суда қалды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу