Бейжіңде Азиядағы қауіпсіздік конференциясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде Азиядағы қауіпсіздік конференциясы ашылды

28.04.2016
Бейжіңде Азиядағы қауіпсіздік конференциясы ашылды
Оған еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та қатысып жатыр.

Қытай астанасы Бейжіңде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің 5-ші кездесуі ашылды. Оған еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та қатысып жатыр.

Жиында терроризммен күрес, құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастық, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы, әскери жанжалдар, тату көршілік, заңсыз есірткі тасымалы, халықаралық қылмыстық топтарға қарсы тұру, даулы проблемаларды диалогпен шешу мәселелері талқылануда.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу