Ереванда автобуста бомба жарылып, 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ереванда автобуста бомба жарылып, 2 адам қаза тапты

26.04.2016
Ереванда автобуста бомба жарылып, 2 адам қаза тапты
Мұны Армения полициясы басшысының орынбасары Владимир Гаспарян мәлімдеді. Оның айтуынша, жарылғыш зат көлік салонында оң жақтағы орындықтардың жанында іске қосылған.

Екі адам қаза тауып, алтауы жараланған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Әзірге бұл шабуыл үшін ешкім өз мойнына жауапкершілік алған жоқ.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу