Кувейтте Йемендегі бір жылдан астам уақытқа созылған азаматтық соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келіссөздер басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кувейтте Йемендегі бір жылдан астам уақытқа созылған азаматтық соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келіссөздер басталды

22.04.2016
Кувейтте Йемендегі бір жылдан астам уақытқа созылған азаматтық соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келіссөздер басталды
Иранның қолдауына ие көтерілісші шииттер және олардың одақтасы - Жалпыға ортақ халық конгресі партиясы мен Саудия жақтайтын президент Абд-Раббу-Мансұр үкіметі арасындағы жиын БҰҰ делдалдығымен өтіп жатыр.

Ұйым қарарына сай, бейбіт келіссөздерде көтерілісші хуситтерге 2014 жылы басып алған жерлерін, ауыр қару-жарақтарын үкіметке қайтаруға үндеу тасталады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу